Өскемен
Бұлтты
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Семей
    +9°
  • Алматы
    +23°
  • Риддер
    +11°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Ақтау
    +10°
  • Атырау
    +21°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +24°
  • Түркістан
    +28°
  • Орал
    +17°
  • Шымкент
    +26°
$
481.54
-0.99
553.24
-2.20
¥
69.69
-0.14
5.93
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚУ ғалымдары суды тазартатын сүзгілер әзірлеуде

Үш сатылы толыққанды су тазарту құрылғысын тек өндірістік мақсатта емес, тұрмыстық жағдайда пайдалануға болады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚУ ғалымдары суды тазартатын сүзгілер әзірлеуде
Фото:
t.me/gylym_jogary_bilim

Тіпті тиісті сертификаттар алынған соң өнімді нарыққа шығарып, сатылымға ұсыну жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекет басшысы ағынды суларды тазарту инфрақұрылымын жаңғырту және су айдындарының ластану мәселесін шешудің маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. Осы міндеттерді іске асыру мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғалымдары ауызсу сапасын арттыруға және суды тиімді тазартуға бағытталған жаңа технологияларды әзірлеуде.

"Су нысандарын тазарту үшін композициялық сүзгі материалдарын өндіру" жобасы – экологиялық тұрғыдан тиімді әрі отандық өндірісті дамытуға бағытталған маңызды бастама. Жоба аясында биополимерлер, керамикалық және көміртекті материалдар негізінде графит оксидімен модификацияланған сүзгілеуші композициялық сорбенттер әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл материалдар суды әртүрлі қоспалар мен зиянды заттардан тиімді тазартуға мүмкіндік береді, - дейді С. Аманжолов атындағы ШҚУ қауымдастырылған профессоры, PhD Тілек Қуанышбеков.

Ғалымдар сүзгілерді толықтай университет базасында дайындауды көздейді. Яғни сүзгі картридждерін құрастыру, корпустарын жасау және дайын өнімді сынақтан өткізу жұмыстары осы жерде жүргізіледі.

Жобаның басты ерекшелігі – сүзгі картридждерін өсімдік және ауыл шаруашылығы қалдықтарын карбонизациялау арқылы өндіру. Бұл тәсіл экологиялық тұрғыдан тиімді болып қана қоймай, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеуге де мүмкіндік береді. Жоба аясында арнайы термопластавтомат құрылғысы сатып алынған. Аталған заманауи техника сүзгілерге арналған сапалы корпустарды дайындауға жағдай жасайды, - дейді Тілек Қуанышбеков.

Зерттеу нәтижесінде әзірленетін үш сатылы толыққанды су тазарту құрылғысын тұрмыстық жағдайда пайдалануға болады. Тиісті сертификаттар алынғаннан кейін өнімді нарыққа шығарып, сатылымға ұсыну жоспарланып отыр.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚУ Су тазарту құрылғысы