Өскемендегі Ахмер мен 28-ші ықшам аудан ерекше бақылауға алынды
Өйткені қаланың бұл аудандарын көктемде су басу қаупі жоғары

Су деңгейінің өзгеруі, қардың еруі және өзендердің жағдайы тұрақты бақылауда және бұл жұмыстар шаһар басшысы Алмат Ақышовтың қадағалауында.
Біз үшін тұрғындардың қауіпсіздігі маңызды, жыл сайын су басу қаупі бар 28 ықшам аудан мен Ахмер ауылы ерекше бақылауға алынған, - деп мәлімдеді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Қала бойынша алдын алу шаралары толық орындалды: арналар, арықтар және су өткізу жүйелері тазартылды. Өзендердегі су деңгейі қалыпты, қауіпті жағдай тіркелмеген. Қар қоры жекелеген аумақтарда сақталғанымен, су деңгейінің көтерілуі байқалмайды.
Су тасқыны кезеңіне 75 техника, 120 маман жұмылдырылып, қажетті материалдық қор дайындалған. Қажет болған жағдайда 1540 адамға дейін эвакуациялауға арналған орындар қарастырылған.
Следующая →