Өскемен
Қалың бұлтты
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Семей
    +4°
  • Алматы
    +14°
  • Риддер
    +11°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Ақтау
    +11°
  • Атырау
    +20°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +12°
  • Түркістан
    +23°
  • Орал
    +12°
  • Шымкент
    +26°
$
482.53
+0.70
555.44
-1.36
¥
69.83
+0.07
5.92
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр

Алғашқы лек шекара қызметіне жөнелтілсе, келесі лек Қазақстанның қарулы күштеріне жіберіледі

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Әскери борышын өтеуге шақырту қағазы азаматтардың үйлері мен жұмыс орындарына жолданады, сондай-ақ SMS-хабарламалар арқылы хабарланады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Еліміздегі қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерінде азаматтарды кезекті көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары басталды.

Көктемгі шақырту науқаны басталғалы Шығыс Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне мерзімді әскери қызметке алынған сарбаздардың үш тобын жинақтап, белгіленген орындарға жөнелтті. Болашақ шекарашылар алғашқы әскери дайындықтан өтіп, мемлекеттік шекараны қорғау міндетін атқаруға кіріседі, - деп мәлімдеді Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі. - Алдағы сәуір айынан бастап әскерге шақырту алған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына, кейін басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарына кезең-кезеңімен жіберу жоспарланып отыр. Жас сарбаздар құрлық әскерлері, әуе қорғанысы күштері, әскери-теңіз күштері және өзге де бөлімдерде қызмет етеді.

Әскерге шақыру науқаны барысында шақырылуға тиісті ер азаматтарды хабардар ету жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, шақыртушылардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына арнайы дербес шақырту қағаздары жеткізіледі. Сонымен қатар, заманауи цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы SMS-хабарламалар жолдануда. Бұл тәсіл азаматтарды жедел әрі тиімді түрде құлағдар етуге мүмкіндік береді.

Әскерге шақыру жұмыстары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ашық әрі әділ жүргізілуде. Медициналық тексерулерден өткен, денсаулығы жарамды азаматтар ғана әскери қызметке жіберіледі, - деп атап өтті Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілі подполковник Жәнібек Сапаров.

Айта кету керек, мерзімді әскери қызмет – әрбір ер азаматтың Отан алдындағы қасиетті борышы. Әскер қатарында қызмет ету жастардың тәртібін нығайтып, жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың физикалық және моральдық тұрғыдан шыңдалуына үлкен ықпал етеді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Көктемгі әскерге шақыру Өскемен гарнизоны