ШҚО-да бір күнде заң бұзған 50-ден астам шетелдік анықталды
Олардың көбі Өскемендегі құрылыс нысандарында рұқсатсыз жұмыс істеген

ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында шетелдіктердің заңнама талаптарын бұзу фактілерін тіркеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бір күннің ішінде 50-ден астам шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, 17 наурыз күні Өскемен қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде көршілес мемлекеттің 21 азаматы тұрғын үй кешенінің құрылысында тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны белгілі болды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаевтың айтуынша, жұмыс беруші де Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің екі бабы бойынша - шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны және шетел азаматтарының келуі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл мөлшері 100 АЕК.
ШҚО Полиция департаменті Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген шетелдіктердің уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асыруына тыйым салынатынын ескертеді.