Шығыс Қазақстанда сноубордтан елдің басты додалары басталды
Бүгін "Нуртау" тау шаңғысы шипажайының беткейлерінде сноубордтан ҚР Чемпионаты мен Жастар біріншілігінің негізгі жарыс күндері ресми түрде басталды

Фото:
ШҚО спорт басқармасы
Дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, жүлдеге 60 мықты атлет таласуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жарыста Өскемен мен Риддер қалаларының, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысының өкілдері бақ сынасуда.
Турнир жас сноубордшылар (7 жастан бастап) мен тәжірибелі шеберлердің басын қосты. Жарыстар FIS халықаралық ережелеріне қатаң сәйкестікте өтуде.
Жарыс бағдарламасы:
- 17 наурыз: Параллельді алып слалом
- 18 наурыз: Параллельді слалом
- 19 наурыз: Командалық жарыс және салтанатты марапаттау