Өскеменде ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өтеді
Қаланың талантты шеберлері мен брендтері ұлттық стильдегі киімдер және әшекей бұйымдарын ел назарына ұсынады

Фото:
ЖИ иллюстрациясы
Сондай-ақ келушілер арасында "Ең үздік ұлттық образ" байқауы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Ұлттық киім – ұлт мұрасы" сән көрсетілімі 18 наурыз күні сағат 18.00-де Maxi Mall сауда орталығында өтеді. Шығыстың өнерпаздары кешті әсем ән, әуезді әуенмен әрлейді.
Қала тұрғындары арасында "Ең үздік ұлттық образ" байқауы ұйымдастырылады.
Байқау номинациялары:
- Ең дәстүрлі образ
- Ең креативті образ
- Отбасылық образ
- Ең үздік балалар костюмі
Қатысушылар мен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар үлестіріледі.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Өскемен Ұлттық киімдер сән көрсетілімі 18 наурыз