Өскемен
Бұлтты
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Семей
    +2°
  • Алматы
    +8°
  • Риддер
  • Астана
  • Ақтөбе
    +5°
  • Ақтау
    +15°
  • Атырау
    +13°
  • Қарағанды
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +13°
  • Павлодар
    -1°
  • Петропавловск
    -1°
  • Тараз
    +8°
  • Түркістан
    +13°
  • Орал
  • Шымкент
    +14°
$
491.29
562.92
¥
71.25
6.1
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығысқазақстандықтардың 86,42%-ы референдумға қатысқан

Бұл көрсеткіш республика бойынша ең жоғары нәтижелердің бірі

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығысқазақстандықтардың 86,42%-ы референдумға қатысқан
Фото:
ШҚО ІСБ ұсынды

Орталық референдум комиссиясының мәліметіне сүйенсек, өңір тұрғындары жоғары азаматтық белсенділік танытқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Көпшілігі бүгінде мемлекеттік саясат азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететін нақты өзгерістерге бағытталғанын айтуда. Бұл өңірде жүзеге асырылып жатқан нақты жобалар мен бастамалар арқылы да көрініс тауып отыр. Соңғы бір жыл ішінде Шығыс Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жобалар іске асырылды. 

Айта кету керек, Шығыс Қазақстанда референдумға дайындық екі айға жуық уақыт бойы жүргізілді. Жаңа Конституция жобасы 12 ақпанда жарияланғаннан кейін өңірде ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқаны басталды. Өңірлік штаб жұмысына 500-ден астам адам, жүздеген ерікті мен қоғам белсенділері қатысты. Олар тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен және түрлі әлеуметтік топ өкілдерімен кездесулер өткізіп, ақпараттық материалдар таратып, Ата заңға ұсынылып отырған өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.

Дауыс беру күні сайлау учаскелері штатты режимде жұмыс істеді. Тұрғындар дауыс беруге отбасыларымен, әріптестерімен, тіпті бір көшенің тұрғындары болып бірге келді. Сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін қоғамдық көліктер тегін тасымалдады.

Талай жерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері, мәдени іс-шаралар өтіп, жылы әрі мерекелік атмосфера қалыптасты. Қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, әуелете ән шырқалып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Кейбір қатысушылар сайлау учаскелеріне түрлі-түсті костюмдермен, ертегі кейіпкерлері мен алып қуыршақтар образдарында келіп, ерекше көңіл күй сыйлады.

Шығыс Қазақстан кезекті рет азаматтық жауапкершілік пен саяси мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетті. 

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Халықтың 86 42%-ы дауыс берді Референдум-2026