Өскемен
Қалың бұлтты
-1°
  • Өскемен
    -1°
  • Семей
    -2°
  • Алматы
    -2°
  • Риддер
    -7°
  • Астана
  • Ақтөбе
    -3°
  • Ақтау
    +12°
  • Атырау
    +9°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -1°
  • Қостанай
    -6°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
  • Тараз
    +2°
  • Түркістан
    +8°
  • Орал
    -3°
  • Шымкент
    +6°
$
491.29
562.92
¥
71.25
6.1
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік зейнеткерлер бүгінгі дауыс беруде белсенділік танытты

Бүгін таңғы 7.00-ден Қазақстанда конституциялық реформа бойынша референдум жүріп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендік зейнеткерлер бүгінгі дауыс беруде белсенділік танытты
Фото:
Устинка LIVE

Қазақстандықтар ел болашағы үшін маңызды "Жобасы 2026 жылдың 12 ақпанында БАҚ-та жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген жалғыз сауалға жауап беруі керек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл саяси науқаннан Өскемендегі ардагерлер де қалмай, өз азаматтық белсенділігін көрсетті. Жаңа Ахмер орта мектебіндегі №57 сайлау учаскесіне Өскемен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының бастауымен бірнеше зейнеткер келіп, өз дауыстарын берді.

Таңнан бері сайлау учаскелерінде зейнеткерлердің белсенді келіп жатқанын байқаған боларсыздар. Өйткені аға буын кез келген іске тыңғылықты, үлкен жауапкершілікпен қарайды. Жалпы қалада 70 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Бұл тек аға буын үшін емес, бүкіл қазақстандықтар үшін маңызды күн. Өйткені ел болашағы, балаларымыздың болашағы үшін әрқайсымыздың дауысымыз маңызды, - дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы Олег Фролов. - Жалпы сайлау учаскесіндегі жағдай қалыпты. Бір қалашықта тұрып күнде көре бермейтін көршілерімізбен жүздесіп, тілдесіп жатырмыз.

Жалпы бұл сайлау учаскесінде 2940 адам тіркелген.

Бүгінгі күн таңғы 7.00-ден әнұраннан басталды, халық белсенді келіп жатыр. Сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 407 адам келіп дауыс берді. Сондай-ақ алғаш рет дауыс берген екі азаматқа сыйлықтар табысталды. Сайлау учаскесі аумағында мектеп оқушылары концерт қойып, жәрмеңке ұйымдастырылуда, - №57 сайлау учаскесінің төрағасы Қабжапаров Асқар.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Референдум в Казахстане