Өскемен
Бұлтты
-1°
  • Өскемен
    -1°
  • Семей
    -2°
  • Алматы
    -2°
  • Риддер
    -7°
  • Астана
  • Ақтөбе
    -6°
  • Ақтау
    +12°
  • Атырау
    +9°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -1°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
  • Тараз
    +2°
  • Түркістан
    +7°
  • Орал
    -3°
  • Шымкент
    +5°
$
491.29
562.92
¥
71.25
6.1
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыста ұландықтар алғашқылардың бірі болып референдумда дауыс берді

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің мерзімді әскери қызметшілері республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыста ұландықтар алғашқылардың бірі болып референдумда дауыс берді
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы

Таңертеңнен бастап әскери қызметшілер дауыс беру учаскелеріне келіп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді түрде атсалысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде қызмет ететін, Аягөз қаласынан шақырылған қатардағы жауынгер Елдар Жанболатұлы да референдумға қатысып, дауыс берді. Оның айтуынша, бүгінгі референдум ел болашағы үшін маңызды, сондықтан ол өз азаматтық таңдауын жасаған.

Сонымен қатар, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев те мерзімді әскери қызметшілермен бірге дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Арман Сеитов те таң алакеуімнен сайлау учаскесіне келіп, референдумға қатысты.

Айта кетсек, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оларға мерзімді әскери қызметшілермен қатар офицерлер мен сержанттар да қатысуда.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Референдум-2026 "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы