ШҚО тұрғындарының назарына: Гиннестің рекордтар кітабына енгіңіз келе ме?
Өскемен қаласында Наурыз мерекесін тойлау кезінде ерекше рекорд орнатуға дайындық жүріп жатыр

Жоспар бойынша, үш мыңнан астам адам бір мезгілде домбырада әйгілі қазақ әні "Ақ бұлақты" орындайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Болатбек Мамарбаев хабарлады.
Ән 22 наурыз күні сағат 09.00-де қаланың орталық алаңында орындалады. Арнайы комиссия келіп, нәтижені тіркеп, кейін Guinness World Records-қа өтінім рәсімдейді, - деді ол.
Акцияға кез келген шығысқазақстандық қатыса алады. Ол үшін 21 наурыз күні сағат 15.00-де орталық алаңда болатын дайындыққа келу қажет. Қатысушыларға қойылатын талап - ұлттық киім, әннің сөздері мен әуенін алдын ала жаттау.