Өскемендегі "Жас бүркіт" өрендері арасында өнер жарысы өтті
Оған қаладағы онға жуық "Жас бүркіт" әскери-патриоттық қозғалысының оқушылары қатысты

Сайыста Ұлы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған әндер айтылып, күй тартылды, сахналық қойылымдар ұсынылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
№49 мектепте өткен сайысқа Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Айдар Оразбаев әділ қазылық етті. Ол көркемөнерпаздар байқауының маңыздылығына тоқталды.
"Жас бүркіт" әскери-патриоттық қозғалысының оқушылары әрқашан әскери өмірмен тығыз байланыста. Олар үшін Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімі тұрғылықты түрде "Ашық есік" күнін ұйымдастырады. Кішкентай отанқорғаушылар әскери бөлімде заманауи қару-жарақ үлгілерімен танысып, түрлі ұрыстық жаттығуларды тамашалайды. Ал бүгінгі шарада оқушылар сахнадағы шеберліктерін ортаға салды. Менің ойымша, сахнада қаншама халықтың алдында жасқанбай, өз өнерін көрсету де батырлықтың бір белгісі, - дейді Айдар Оразбаев.
Дәстүрлі түрде өтетін шараға алпыстан астам мектеп оқушысы қатысты. Көрермен көзайымына айналған өнерпаздың бірі Михаил Троеглазов болды. Ол көрнекті кеңес ақыны, прозашы Александр Твардовскийдің "Василий Теркин" поэмасының "Өткел" тарауын мәнерлеп жатқа оқыды. Қаладағы №39 орта мектеп оқушысының гитара сүйемелдеуіндегі шығармасына әділқазы алқалары жоғары баға берді.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте "Айбын" әскери-патриоттық клубы жеңімпаз атанды. Жүлдегерлер мен әрбір аталым бойынша үздік шыққандар марапатталды.

