Өскемен
Бұлтты
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Семей
    -7°
  • Алматы
  • Риддер
    -12°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Ақтау
    +10°
  • Атырау
    +9°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -1°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -1°
  • Тараз
    -1°
  • Түркістан
    +6°
  • Орал
    +1°
  • Шымкент
    +1°
$
489.39
-2.20
567.99
-4.17
¥
71.28
-0.24
6.19
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығысқазақстандық спортшы қол күресінен әлем чемпионы атанды

Бекжан Рамиянов Ташкент қаласында өткен ересектер арасындағы армрестлингтен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығысқазақстандық спортшы қол күресінен әлем чемпионы атанды
Фото:
instagram/bekzhanramyianov_

23 жастағы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының тумасы бұған дейін де бірнеше халықаралық жүлдеге ие болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2024 жылы Молдова мемлекетінде өткен әлем чемпионатында Бекжан 5-орынға ие болды. Өткен жылы Өзбекстанда ұйымдастырылған жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, Үндістандағы халықаралық Pro Panja лигасына қатысты. Халықаралық аренада спортшы жоғары дайындық деңгейін, темірдей төзім мен қарсыластарымен күрестегі қайсарлығын көрсетіп келеді, - деп хабарлады ШҚО әкімдігі. 

Бекжанның спорттағы алғашқы қадамдары мектеп қабырғасында оның алғашқы жаттықтырушысы Серік Ысқақовтың жетекшілігімен басталды. Ал 2023 жылдан бері спортшы армрестлингтен жеті дүркін әлем чемпионы Еркін Әлімжановтың қол астында жаттығып жүр.

Алда қысқа демалыс пен жаңа жарыстарға дайындық кезеңі күтіп тұр. Бекжан Рамияновтың бұл жеңісі - шығысқазақстандық спорттың тағы бір жарқын жетістігі әрі өңірдің жас спортшылары үшін үлгі болғаны сөзсіз.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Қол күресі Бекжан Рамиянов Әлем чемпионы