Өскемен
Бұлтты
-14°
  • Өскемен
    -14°
  • Семей
    -12°
  • Алматы
    -13°
  • Риддер
    -15°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
  • Ақтау
    -4°
  • Атырау
    -3°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    -9°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    -10°
  • Түркістан
    -3°
  • Орал
    -6°
  • Шымкент
    -9°
$
489.39
-2.20
567.99
-4.17
¥
71.28
-0.24
6.19
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың атыс дайындығы пысықталды

Қ. Қайсенов атындағы механикаландырылған бригаданың мотоатқыштар, шабуылдаушы және танк взводтарының әскери қызметшілері шынайы ұрыс жағдайында  күрделі тактикалық тапсырмаларды орындады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың атыс дайындығы пысықталды
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Әскери қызметшілер штаттық қару-жарақтан нысаналарды жою және атысты басқару бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл ретте қарумен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге, қозғалыстағы жауынгерлік машиналардан оқ атуға, тактикалық іс-қимылдарға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Сабақтар күндіз де, түнде де өткізілген.

Атыс дайындығы барысында бөлімшелер өзара үйлесімді іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдірді. Жеке құрам тактикалық, инженерлік және әскери-медициналық дайындық бойынша да оқытудан өтті. Күрделі ауа райы жағдайларына қарамастан, әскери қызметшілер жауынгерлік техниканы жүргізу, түрлі атыс қаруларынан, гранатаатқыштардан және жауынгерлік машиналардың қару-жарағынан ату бойынша нормативтерді сәтті орындады, — деді батальон командирі майор Мерей Исенов.

Жауынгерлік дайындықтың осы кезеңінде взводтардың тактикалық іс-қимылдары мен нысаналарды атыспен жою нәтижелері бағаланды. Өткізілген іс-шаралар әскери қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға және кез келген жағдайда жедел әрі үйлесімді әрекет ету қабілетін дамытуға ықпал етті.

Следующая →