Өскемен
Қалың бұлтты
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Семей
    -5°
  • Алматы
    +1°
  • Риддер
    -8°
  • Астана
    -5°
  • Ақтөбе
    -1°
  • Ақтау
    +7°
  • Атырау
    +5°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -14°
  • Тараз
    +2°
  • Түркістан
    +12°
  • Орал
    +1°
  • Шымкент
    +13°
$
502.6
+5.04
589.95
+3.03
¥
73.03
+0.48
6.5
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Өскемен әуежайы" АҚ бұрынғы басшысы мен атқарушы директоры сотталды

Әуежайдың экс-президенті мен атқарушы директоры өз қызметтік өкілеттіліктерін пайдаланып, алдын ала сөз байласқан топ құрамында бірнеше рет аса ірі көлемде бөтен мүлікті жымқырған

Усть-Каменогорск и ВКО / "Өскемен әуежайы" АҚ бұрынғы басшысы мен атқарушы директоры сотталды
Фото:
Устинка LIVE

Өскемен қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты осы іске қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Айыпталушылар 2018 жылдан 2023 жылға дейін еңбек шарттары бойынша келісімшарттар жасап, сыртқы ұйымдарға төлем шығыстарын көбейтіп, келісімшарттағы сомма пен нақты төленген сомма арасындағы айырманы өз пайдасына аударып отырған.

"Өскемен әуежайы" АҚ-ның экс-президенті ҚР ҚК-ның 361-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша сотталды – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға ретінде ол өз қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүддесіне қарсы пайдаланып, өз пайдасы мен артықшылықтарын алу мақсатында әрекет еткен, бұл "Өскемен әуежайы" АҚ-ның (акцияларының 100% мемлекетке тиесілі) заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, ауыр салдарға әкелген, - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облыстық соттары баспасөз қызметі. – Сондай-ақ "Өскемен әуежайы" АҚ материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобының басшысы өз қызметтік өкілеттілігін пайдаланып, алдын ала сөз байласқан топ құрамында компанияның экс-президентімен бірге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін ҚР ҚК-ның 189-бабының 2-бөлігі, 1 және 3-тармақтары бойынша сотталды.

Сотталушылар өз кінәсін толығымен мойындаған жоқ.

Сот үкімімен:

  • "Өскемен әуежайы" АҚ-ның экс-президенті ҚР ҚК-ның 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармғы және 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды;
  • Атқарушы директор ҚР ҚК-ның 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылып, қосымша жаза ретінде 10 жыл мерзімге белгілі қызмет түрін атқару құқығынан айырылды. Баласы кәмелеттік жасқа толмағандықтан, сот тағайындаған жазасының орындалуын баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды;
  • Материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобының басшысы ҚР ҚК-ның 189-баптың 2-бөлігнің 1 және 3-тармақтары бойынша 2 жылға бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына байланысты амнистия туралы" заңы бойынша жазаның мерзімі жартысына қысқартылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды және қосымша жаза ретінде 3 жыл мерзімге белгілі қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, сот "Өскемен әуежайы" АҚ-ның азаматтық талап арызын қанағаттандырды: экс-президенттен 120 512 179 теңге өндірілді; экс-басшы мен атқарушы директордан бірлесіп 18 718 914 теңге өндірілді; экс-президент пен материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобының басшысы бірлесіп 2 127 501 теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: "Өскемен әуежайы" АҚ Сот үкімі Экс-басшы