Өскемендегі әскери бөлімдердің бірінің құрылғана 66 жыл толды
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөлім аса маңызды нысандарды күзетеді

Салтанатты шара С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ұйымдастырылып, кеш көрермендері үшін қару-жарақ көрмесі ұсынылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әскери бөлімді құттықтауға шаһардағы түрлі бірлесе әрекет ететін орган өкілдері, өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлім командирлері, әскери бөлім ардагерлері келді. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев мінсіз қызмет еткен және жауынгерлік дайындық барысында үздік деп танылған бірқатар әскери қызметшілер алғыс хаттар және грамоталармен марапаттады.
Бүгін мен үшін өте ерекше күндердің бірі және бірегейі. Жалпы, 66 жыл бұл аз уақыт емес. Сонау қатпарлы тарих беттерін ақтарып, өткенге көз тастасақ, әскери бөлім еселі қызмет атқарып, құқықтық тәртіп әскері әлеуетін арттырғаны әлмисақтан белгілі. Әскери бөлім қызметшілері өздеріне артылған зор сенімді абыроймен атқарып, ел әскерінің дамуы жолында сүбелі үлесін қосып келеді, - дейді 3477 әскери бөлім командирі полковник Руслан Есенгалиев.