ШҚО-ға малдың жұқпалы ауруына қарсы 4,3 млн доза вакцина жеткізілмек
Былтыр ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар аясында малға 8 жұқпалы ауруға қарсы 4,7 млн вакцинация жүргізілген

Фото:
ЖИ иллюстрациясы
Биыл 7 аса қауіпті ауруға қарсы 4,3 млн доза вакцина салу жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сондай-ақ ШҚО Ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықовтың айтуынша, 2026-2027 жылы аудан орталықтарында 7 ветеринариялық станция, ауылдық округтерде 70 ветеринариялық пункт салу жоспарланған.