ШҚО әкімі өрт қауіпсіздігі талаптарын күшейтуді тапсырды
Ақмола облысында Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде болған жарылыс салдарынан бірнеше адам көз жұмды

Осыған байланысты облыс әкімі барлық елді мекен басшыларына нысандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сондай-ақ су тасқынына дайындық жұмыстарының маңызын еске салды.
Щучинскіде болған қайғылы оқиғаға байланысты қала, аудан әкімдері нысандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына қатаң бақылау орнатуы тиіс. Су тасқынының алдын алу шаралары да қарқынды жүргізілуі қажет, - деді Нұрымбет Сақтағанов.