ШҚО-да мыңнан астам қоғамдық көлік жүргізушісі заң бұзған
ШҚО полицейлері бес күн бойы тасымалдаушыларды тексерді

Бұл кезеңде жол жүрісі қағидаларын бұзудың 1186 дерегі анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жолаушылар мен багажды тасымалдайтын 93 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды, 28 автомобиль мамандандырылған тұрақтарға қойылып, 65 мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді, - деп мәлімдеді ШҚО ПД. - Рейдтер барысында 32 заңсыз тасымалдаушының қызметі тоқтатылды, оның 30-ы такси жүргізушілері. Бұл ретте төрт жүргізуші жолаушыларды заңнама талаптарына қайшы келетін, рөлі оң жақта орналасқан автокөліктермен тасымалдаған.
Сонымен қатар, көлік құралын масаң күйде басқарудың 14 фактісі, қарсы бағытқа шығудың 10 жағдайы, техникалық ақауы бар көліктердің пайдаланудың 133 дерегі және жолаушыларды тасымалдау мен қауіпсіздік белдігін пайдалану қағидаларын бұзудың жүздеген фактілері тіркелді.
29 автобус паркі мен өзге де ұйымдардың қызметі, сондай-ақ 1228 жүргізуші тексерілді. Бірқатар жағдайларда көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды жіберу деректері анықталды.
ШҚО Полиция департаменті жолаушылар қауіпсіздігі тасымалдаушылардың тәртібі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.