Өскемен
Қалың бұлтты
-26°
  • Өскемен
    -26°
  • Семей
    -20°
  • Алматы
    -3°
  • Риддер
    -20°
  • Астана
    -15°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Ақтау
    +5°
  • Атырау
    +2°
  • Қарағанды
    -15°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -23°
  • Петропавловск
    -19°
  • Тараз
    -1°
  • Түркістан
    +10°
  • Орал
    -11°
  • Шымкент
    +18°
$
496.85
-0.48
585.54
-1.16
¥
72.23
+0.24
6.49
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл Шығыс Қазақстаннан 650-ге жуық жігіт әскерге аттанады

1 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысында көктемгі кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталады

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл Шығыс Қазақстаннан 650-ге жуық жігіт әскерге аттанады
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

Әскерге шақырту қағазы азаматтардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орнына жолданады, сондай-ақ 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі депаратменті бастығының шақыру жұмыстары мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары Жәнібек Сапаров азаматтарды әскери қызметтен босату немесе кейінге қалдыру мәселесін ақша арқылы шешіп бергісі келетіндерге алданбауды ескертті.

Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру және қызмет мерзімін өтегендерді әскери резервке шығару қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату қызметтері электронды форматта ұсынылады. Бұл қызметтер жергілікті атқарушы органдар арқылы тегін көрсетіледі, - дейді Жәнібек Сапаров. - Азаматтарды әскери қызметтен босату немесе кейінге қалдыру мәселесін «ақша арқылы шешіп беруге» уәде ететін алаяқтарға алданбаңыздар. Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы толық ақпаратты Электрондық үкімет порталы арқылы білуге болады.

Айта кету керек, әскери білім алуға ниетті жастар үшін де мүмкіндік мол. Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін үміткерлер 30 сәуірге дейін онлайн немесе әскери комиссариат арқылы өтініш беруге тиіс. Үміткерлер ҰБТ-дан кемінде 50 балл жинап, медициналық тексеруден, психологиялық іріктеуден және дене дайындығы сынағынан өтеді. 2026 жылдан бастап құжаттарды онлайн тапсыру толық енгізілді.

Следующая →