ШҚО-да тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған азамат ұсталды
Өскеменде 22 жастағы азамат түрмедегі досына нан ортасына смартфон тығып өткізбек болған

Нанның ортасында жасырылған смартфонды тергеу изоляторының қызметкерлері сәлемдемені тексерген кезде тапты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мекеме қызметкерлері тыйым салынған затты тәркіледі.
Аталған факті бойынша мекеме қызметкерлері құқық бұзған азаматқа қатысты тергеудегі және сотталғандарға тыйым салынған заттарды кіргізуге және беруге жол бермеу туралы әімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, – деп түсіндірді ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз хатшысы Салтанат Дәулетбек.