Өскемен
Қалың бұлтты
-35°
  • Өскемен
    -35°
  • Семей
    -30°
  • Алматы
    -5°
  • Риддер
    -25°
  • Астана
    -27°
  • Ақтөбе
    -19°
  • Ақтау
  • Атырау
    -8°
  • Қарағанды
    -26°
  • Көкшетау
    -26°
  • Қостанай
    -24°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -32°
  • Петропавловск
    -20°
  • Тараз
    -2°
  • Түркістан
    +4°
  • Орал
    -17°
  • Шымкент
    +7°
$
496.85
-0.48
585.54
-1.16
¥
72.23
+0.24
6.49
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Былтыр ШҚО ормандарына 16 млн-ға жуық көшет отырғызылған

Биыл да "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында өңірде бірқатар жоба жоспарланған

Усть-Каменогорск и ВКО / Былтыр ШҚО ормандарына 16 млн-ға жуық көшет отырғызылған
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

2026 жылы "Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу және оқыту" бағдарламасы бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру, "Жасыл мектеп" жобасын енгізу, экологиялық роликтер мен фильмдер шығару, "Үлгілі ауыл" және "Таза аула" конкурсы өткізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, 2025 жылы аумақтарды тазалауға және халықтың экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған кешенді шараларға 150 мыңнан астам адам қатысып, 1600 гектарға жуық аумақ тазартылып, 3,8 мың тоннадан астам қалдық шығарылды. Өңірлік жоспар аясында 138 мың ағаш, ал орман қоры аумағында 15,9 млн көшет отырғызылды.

@TazaQazBot платформасы арқылы бір жылдың ішінде тұрғындардан қоқыс шығаруға, жол жөндеуге, аумақты тазалауға қатысты 400-ден астам өтініш келіп түскен. Барлық өтініш бойынша тиісті шаралар уақтылы қабылданған.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстың тазалығын сақтап, жұртты табиғатты қорғауға шақыруға бағытталған шараларды жоғары деңгейде өткізу қажеттігін атап өтті. 

Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" бастамасы бір жылдық науқан емес, азаматтардың, әсіресе өскелең ұрпақтың күнделікті өмір салтын қалыптастыруға бағытталған тұрақты жұмыс болуы тиіс. Облысымыздың бай табиғаты, жерінің құнарлығы көгалдандыру жұмыстарын қарқынды жүргізуге мол мүмкіндік береді, - деді облыс әкімі.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Таза Қазақстан 2026 жылға жоспар