Қазір ШҚО-да бірнеше респбуликалық және облыстық жолдар жабық
Сағат 13.30-дағы жағдай бойынша кей жолдарда барлық көлік түрлеріне, кей жолдарда жүк көліктеріне шектеу қойылған
Фото:
Устинка LIVE
Жолдар сыртқы ауа райына байланысты жабық, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Барлық көлік түрлері үшін:
Республикалық маңызы бар автожолдар:
- "Өскемен-Семей" (12-103 км, Казачье-Абай обл шекарасы);
- "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" (1013-1062 км, Абай обл шекарасы-Алмасай);
- "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" (1104-1212 км, Глубокое- РФ шекарасы).
Облыстық маңызы бар автожолдар:
- "Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха" (72-80 км, Абай обл. шекарасы-Артемьев кенішіне бұрылыс);
- "Көкпекті-Самар-Васильев өткелі" (48-40 км, Абай обл. шекарасы-Акқала);
- "УӨскемен-Тарғын-Самар" (63-145 км, Тарғын-Самар).
Жүк көліктері мен қоғамдық автобустар үшін:
Республикалық маңызы бар:
- "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" (15-105 км, Белоусовка-Риддер).
Облыстық маңызы бар:
- "Шемонаиха-Секисовка" (0-56 км, Шемонаиха-Секисовка)