Өскемен
Қалың бұлтты
-31°
  • Өскемен
    -31°
  • Семей
    -22°
  • Алматы
    -10°
  • Риддер
    -21°
  • Астана
    -28°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Ақтау
  • Атырау
    -1°
  • Қарағанды
    -26°
  • Көкшетау
    -29°
  • Қостанай
    -21°
  • Қызылорда
    -12°
  • Павлодар
    -30°
  • Петропавловск
    -30°
  • Тараз
    -8°
  • Түркістан
  • Орал
    -8°
  • Шымкент
    -3°
$
497.56
586.92
¥
72.55
6.44
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі қараусыз қалған саябақтар мен демалыс алаңқайлары абаттандырылады

Биыл тозығы жеткен осындай бес нысан қалпына келтірілмек

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі қараусыз қалған саябақтар мен демалыс алаңқайлары абаттандырылады
Фото:
Устинка LIVE

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов халық алдында есеп беру кезінде осындай жоспармен бөлісті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мысалы, Славский жағалауындағы Амфитеатр жаңғыртылады. Шаһар басшысы бұл нысанның әлі де тиісті мақсатта пайдаланылмай тұрғанын тілге тиек етті. Мұнда түрлі шара өткізуге арналған сахна мен көрермендерге арналған орындар жоқ. Негізінен түрлі мерекелік шараларды Республика алаңын жаппай-ақ, осы Амфитеатрда өткізуге болатын еді. Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілер ант қабылдауы үшін Қазақстан тауындағы ту тұғыры осында көшірілмек.

Стрелка ауданындағы Жеңіс мемориалы маңындағы "Өмір жолы" жаңа қоғамдық орынға айналмақ. Яғни, ескерткіштен "Сәулетай" саябағына дейінгі жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылады.

"Сәулетай" саябағы бүгінде өз функцияларын орындап тұрған жоқ, - деді Алмат Ақышов. – Қазір жартылай қараусыз тұрған бұл саябаққа балалар бармайды. Балалар үшін қауіпсіз және жайлы орта құру үшін шағын архитектуралық нысандарды жаңартуды және ауыстыруды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ Спорт сарайы мен Ушан алаңы арасындағы заманауи аллея да абаттандырылады. Бұл әсіресе студенттер үшін маңызды.

Қала басшысы "Самал" саябағы тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналғанын атап өтті. Дегенмен соңғы бес жылда мұндағы инфрақұрылымның тозығы жеткен және кешенді жаңартуды қажет етеді.

Следующая →