Өскемен
Қалың бұлтты
-25°
  • Өскемен
    -25°
  • Семей
    -20°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -21°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Ақтау
    -2°
  • Атырау
    -6°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +9°
  • Түркістан
    +8°
  • Орал
    -12°
  • Шымкент
    +7°
$
494.66
+5.49
581.87
+5.24
¥
71.61
+0.80
6.43
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

SHYGYS САХНА FEST: Өңір театрлары бір сахнада тоғысты

Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры тарихында алғаш рет I театрішілік SHYGYS САХНА FEST фестивалі өтуде

Усть-Каменогорск и ВКО / SHYGYS САХНА FEST: Өңір театрлары бір сахнада тоғысты
Фото:
ШҚО драма және оперетта театрынан

Арнайы шақырылған театртанушылар мен сыншылар тәуелсіз баға беріп, 14 номинация бойынша үздіктерді анықтайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Мәдениет басқармасы Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы, Жұмашева Лаззат Мұхаметуалиқызы айтып өтті.

Театр құрамындағы төрт шығармашылық труппа — қазақ, орыс, жас көрермендер және оперетта бағыттары — бір сахнада бас қосып, өзара тәжірибе алмасу мен кәсіби бәсекеге түсуде. Әр труппаның өзіндік көркемдік мектебі мен сахналық ерекшелігі бар, - деп атап өтті Мәдениет басқармасы Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ләззат Жұмашева. - Фестиваль — жай ғана спектакльдер байқауы емес. Бұл — ішкі кәсіби өсуге, қойылымдарды сараптауға және театрдың стратегиялық дамуына бағытталған маңызды алаң. 

Жоба шығармашылық ізденістерге жол ашып, өңірдің мәдени өмірін жандандыруға серпін бермек.

Билеттер бойынша: 71-00-79, +7 777 271-00-79, +7 776 871-00-79.

Фестиваль бағдарламасы:

  • 20 ақпан сағат 11.00-де қазақ театры "Алтын ажал" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 20 ақпан сағат 15.00-де жастар театры "Ауылдағы оқиға" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 20 ақпан сағат 19.00-де жастар театры "Көзімді жұмсам да көрем сені" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 21 ақпан сағат 11.00-де жастар театры "Бұлбұлдар түні" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 21 ақпан сағат 15.00-де қазақ театры "Жалғыздық" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 21 ақпан сағат 19.00-де орыс театры "Тартюф" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 22 ақпан сағат 11.00-де жастар театры "Жармақ" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 22 ақпан сағат 15.00-де орыс театры "Явление" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 22 ақпан сағат 19.00-де қазақ театры "Шынарым менің, шырайлым менің" (Сәтпаев даңғылы, 55)

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: SHYGYS САХНА FEST Театр фестивалі ШҚО