ШҚО-дағы тұрақты тіркеуі жоқтарға айыппұл салынуда
ШҚО полициясы "Резеңке пәтер" жедел алдын алу шарасының алғашқы күнінде 40-тан астам заңбұзушылық анықтады

18–21 ақпан аралығында облыс аумағында Қазақстан азаматтары мен елімізде тұрақты тұратын шетелдіктердің көші-қон заңнамасы және тіркеу қағидаларын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған "Резеңке пәтер" жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алғашқы тәуліктің өзінде полиция қызметкерлері тіркелген мекенжайы бойынша тұрмаған 42 фактіні анықтады. Тексеру нәтижесінде 10 күннен бір айға дейін тіркеусіз тұрған 25 адам және одан да ұзақ уақыт заң талаптарын бұзған 13 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Сонымен қатар, рейд барысында тіркеусіз заңсыз тұрған шетелдік азаматтардың 4 фактісі анықталып, жолы кесілді.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі тіркеу талаптарын сақтау заңмен міндеттелгенін еске салады. Азаматтарды айыппұлдар мен өзге де құқықтық салдардың алдын алу үшін нақты тұратын мекенжайы бойынша уақтылы тіркелуге және белгіленген мерзімдерді сақтауға шақырады.