Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар жүреді
Қосымша вагондар Астанадан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын сұранысы жоғары бағыттарға шығады

Жалпы саны 122 тіркемелі вагон қосылып, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Жолаушылар тасымалы " АҚ 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерде, сондай-ақ, қала маңы бағыттарында қосымша тіркемелі вагондар тағайындайды.
Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және "Жолаушылар тасымалы " АҚ кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат 1433 байланыс орталығы арқылы ұсынылады. Пойыз қозғалысы туралы мәліметтерді tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-таблодан көруге болады, - деп мәлімдеді "Жолаушылар тасымалы " АҚ баспасөз қызметі.