Өскемен
Бұлтты
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Семей
    -4°
  • Алматы
    -3°
  • Риддер
    -8°
  • Астана
  • Ақтөбе
    -22°
  • Ақтау
    -11°
  • Атырау
    -20°
  • Қарағанды
    -1°
  • Көкшетау
    -15°
  • Қостанай
    -23°
  • Қызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -20°
  • Тараз
    +4°
  • Түркістан
    +2°
  • Орал
    -17°
  • Шымкент
    +1°
$
495.1
-3.55
583.72
-5.34
¥
71.33
-0.51
6.46
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде көктемгі әскерге шақырту науқанына дайындық басталды

Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысының аудандық қорғаныс істері бөлімдері көктемгі әскерге шақырту науқаны қарсаңында зерделеу жұмыстарын бастады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде көктемгі әскерге шақырту науқанына дайындық басталды
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Зерделеу бір ай көлемінде жүргізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Осы уақыт аралығында әскерге жарамды жас азаматтармен жеке сұхбаттар өткізіліп, олардың физикалық дайындығы, денсаулық жағдайы, білім деңгейі мен кәсіби біліктілігі жан-жақты зерттеледі. Сонымен қатар, жүргізуші куәлігінің болуы, арнайы дағдылары мен жеке қызығушылықтары да ескеріледі.

Зерделеу - бұл тек іріктеу емес, жас сарбаздың болашақ әскери жолын дұрыс айқындауға бағытталған маңызды кезең. Әр азаматтың қабілеті мен дайындығын ескеру әскердің сапасын арттырып, қызметтің тиімді өтуіне ықпал етеді, - деді Өскиен қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілі майор Сырым Ақтаев.

Жиналған мәліметтер негізінде болашақ сарбаздардың әскери қызметті қай әскери бөлімде өткеретіні анықталады. Бұл тәсіл әрбір шақырылушының қабілеті мен мүмкіндігін тиімді пайдаланып, әскери бөлімдердің қажеттілігін толық қамтамасыз етуге бағытталған.

Зерделеу жұмыстары әскерге шақырту науқанының ашық әрі жүйелі өтуіне, сондай-ақ сарбаздардың қызметке барынша бейімделуіне мүмкіндік береді.

Следующая →