Глубокое ауданында тау-кен өнеркәсібінде екі инвестициялық жоба іске қосылмақ
2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстың экономикалық көрсеткіштері төмендеген: тау-кен өнеркәсібі 90,8%-ға дейін, негізгі капиталға инвестициялар 93%-ға дейін, жеке инвестициялар 71,9%-ға дейін

Көрсеткіштердің күрт төмендеуінің себептері негізінен объективті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Глубокое ауданы әкімінің айтуынша, өткен жыл өнеркәсіптік және қала құраушы кәсіпорындар үшін экономикалық тұрғыдан қиын болды. Дегенмен, мемлекеттің араласуының арқасында тау-кен саласындағы инвестициялық жобалар жұмысы алға жылжи алды. Кейбіреулері 2026 жылға ауыспалы жобалар болғандықтан бұл жағдайды теңестіруге көмектеседі.
Қор азайып барады, біздің негізгі кәсіпорнымыз "Шығыстүстімет" Алтай кентіндегі Ертіс кенішінде. Олар екінші кен массивін игеруде және үшінші тоқсанда өндіру мен өңдеуді бастауға уәде беріп отыр, - деп атап өтті Эльдар Тумашинов. - Бұл ауданның, облыстың, жалпы Қазақстанның экономикасына қомақты үлес қоспақ. Біз қазір дайындап жатқан тамаша әрі ауқымды жоба – Малубинкадағы Анисимов кен орнын іске қосу. Бұнымен "Қазақмыс" еншілес компаниясы айналысады. Инвестициялардың алғашқы легі 20-30 миллиард шамасында болады деп күтілуде, одан ары өсе бермек. Расымен де мысқа бай кен орны.
Анисимов кен орнында жоспарланған іс-шаралар туралы мәлімдемеде 2026 жылдан 2036 жылға дейін жыл сайын 500 мың тоннаға дейін мыс кенін өндіру жоспары жарияланған.