Өскемен
Бұлтты
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Семей
    -7°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -12°
  • Астана
  • Ақтөбе
    -21°
  • Ақтау
    -9°
  • Атырау
    -17°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -22°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +10°
  • Түркістан
    +7°
  • Орал
    -18°
  • Шымкент
    +5°
$
498.65
-4.79
589.06
-4.29
¥
71.84
-0.73
6.49
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Закладчик" боп нәпақа тапқысы келетін қыздар көбейген

2024 жылы Өскемен қаласында есірткі сату фактілері бойынша 3 әйел ұсталды, 2025 жылы - 7, ал 2026 жылдың небары бір айының өзінде 2 әйел анықталды

Усть-Каменогорск и ВКО / "Закладчик" боп нәпақа тапқысы келетін қыздар көбейген
Фото:
pixabay

Бұл туралы Өскемен қалалық прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымына әйелдер барған сайын көбірек тартылуда. Қылмыстық топтар оларды курьер және "закладчик" ретінде пайдалануды жиілетіп отыр.

Іс жүзінде соңғы екі жылда әйелдердің қатысуымен тіркелген қылмыстар саны екі еседен астам өсті, ал 2026 жылдың басындағы көрсеткіштер бұл теріс үрдістің одан әрі жалғасуы мүмкін екенін аңғартады, - дейді Өскемен қалалық прокуратурасының прокуроры Әсел Ерікова. - Ұсталғандардың жасы ерекше алаңдаушылық туғызады. Олардың арасында "жеңіл табысқа" келісіп, өз тағдырын өзі күйретіп жатқан өте жас қыздар да бар.

Есірткі құралдарын тарату - ауыр қылмыс. Жасалған әрекеттің саралануына қарай заңмен 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Құқық қорғау органдары мұндай қылмыстарды жүйелі түрде анықтап, жолын кесіп келеді. Закладчиктер мен курьерлерді полиция жылдам анықтап, ұстайтынын айта кеткен жөн.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Өскемен Есірткі қылмысы Әйелдер көбейген