Өскемен
Бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
    -4°
  • Алматы
    +5°
  • Риддер
  • Астана
    -5°
  • Ақтөбе
    -19°
  • Ақтау
    -10°
  • Атырау
    -20°
  • Қарағанды
    -1°
  • Көкшетау
    -17°
  • Қостанай
    -24°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
    -20°
  • Тараз
    +2°
  • Түркістан
  • Орал
    -24°
  • Шымкент
    -1°
$
495.1
-3.55
583.72
-5.34
¥
71.33
-0.51
6.46
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде Рыпакованың жүлдесіне жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Бұл додаға әлемнің 11 елінен 150-ден астам үздік спортшы мен болашағынан үміт күттіретін жас дарындар қатыспақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде Рыпакованың жүлдесіне жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді
Фото:
olympic.kz

Рыпакованың жүлдесіне XI халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы 14 ақпан сағат 16.30-да "Ольга Рыпакова" жеңіл атлетика орталығында өтеді және көрерменге кіру тегін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Украина, Армения, Үндістан, Грекия, Түркия және Литва спортшылары бақ сынайды. Сонымен қатар, бұл дода Әлем чемпионатына қатысу үшін біліктілік нормативтерін орындауға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады.

Турнир қожайыны ретінде Қазақстан ең үлкен құраммен қатысады. Еліміздің намысын 89 спортшы (41 ер, 48 әйел) қорғайды. Отандық атлеттер бағдарламаның барлық түрлерінде — спринт, орта және ұзақ қашықтықтар, кедергілер арқылы жүгіру және техникалық дисциплиналар бойынша өнер көрсетеді.

Ұлттық құрама сапындағы басты үміт артар спортшылар:

  • Ерлер: Давид Ефремов (60 м к/ж), Виталий Земс, Алмат Төлебаев (60 м), Эльнор Мухитдинов, Андрей Соколов, Ефим Тарасов (400 м), Иван Товченик (сырықпен секіру), Тахир Қадырқұлов, Зелимхан Насыров (үш қарғып секіру).
  • Әйелдер: Ольга Сафронова (60 м), Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева, Кристина Овчинникова (биіктікке секіру), Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру), Мария Ефремова (үш қарғып секіру), Юлия Башманова (60 м к/ж), Аделина Земс (400 м).

Көрермендер назарына ерлер мен әйелдер арасындағы 60 м, 400 м, 800 м, 3000 м қашықтықтарға жүгіру, кедергілер арқылы жүгіру, сондай-ақ секіру түрлері мен ядро лақтырудан тартысты бәсекелер ұсынылады. Турнирдің ең қызықты сәттерінің бірі — 4х200 метрлік аралас (микс) эстафета болмақ.

Следующая →