Өскемен
Бұлтты
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Семей
    -13°
  • Алматы
    +4°
  • Риддер
    -4°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Ақтау
    -1°
  • Атырау
    -8°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -6°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    -17°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    +14°
  • Түркістан
    +16°
  • Орал
    -18°
  • Шымкент
    +15°
$
503.44
-1.73
593.35
-6.19
¥
72.57
-0.19
6.55
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да алғаш рет театрішілік фестиваль өтеді

SHYGYS САХНА FEST бір үлкен шығармашылық кеңістікте төрт театр труппасын тоғыстырмақ

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да алғаш рет театрішілік фестиваль өтеді
Фото:
ШҚО драма және оперетта театрынан

19-23 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында қазақ, орыс, жастар труппасы мен оперетта театры үздік қойылымдарын сахналайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Фестиваль театр ұжымдарының шығармашылық әлеуетін, сахналық ізденістер мен көркемдік эксперименттерге жол ашпақ, кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу алаңына айналмақ.

SHYGYS САХНА FEST - жанрлар мен стильдердің, идеялар мен көзқарастардың тоғысқан алаңы. Әр труппа көрермен назарына өзіндік сахналық тілін, актерлік шеберлігін және режиссёрлік көзқарасын ұсынады. Фестиваль бағдарламасы аясында түрлі жанрдағы қойылымдар көрсетіліп, театр өнерінің көпқырлы болмысы айқын көрініс табады.

Фестиваль аясында қойылымдарды арнайы шақырылған кәсіби театр сыншылары тамашалап, сараптамалық пікір білдіреді. Атап айтқанда, фестивальге Қазақстанға танымал театртанушылар Анар Еркебай, Меруерт Жақсылықова және Айжан Ахмет қатысады. Олардың кәсіби бағасы шығармашылық үдерісті терең талдауға және театр ұжымдары үшін маңызды тәжірибелік бағыт-бағдар беруге мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді ШҚО драма және оперетта театрының баспасөз қызметі. 

Фестиваль көрерменге театрды ішінен тануға, сахна артындағы шығармашылық үдерісті сезінуге және театр мен көрермен арасындағы байланысты нығайтуға жол ашады.

Билеттер бойынша: 71-00-79, +7 777 271-00-79, +7 776 871-00-79.

Фестиваль бағдарламасы:

  • 19 ақпан сағат 19.00-де оперетта театры "Маmma mia" (Тоқтаров көшесі, 47а)
  • 20 ақпан сағат 11.00-де қазақ театры "Алтын ажал" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 20 ақпан сағат 15.00-де жастар театры "Ауылдағы оқиға" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 20 ақпан сағат 19.00-де жастар театры "Көзімді жұмсам да көрем сені" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 21 ақпан сағат 11.00-де жастар театры "Бұлбұлдар түні" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 21 ақпан сағат 15.00-де қазақ театры "Жалғыздық" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 21 ақпан сағат 19.00-де орыс театры "Тартюф" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 22 ақпан сағат 11.00-де жастар театры "Жармақ" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 22 ақпан сағат 15.00-де орыс театры "Явление" (Сәтпаев даңғылы, 55)
  • 22 ақпан сағат 19.00-де қазақ театры "Шынарым менің, шырайлым менің" (Сәтпаев даңғылы, 55)


Следующая →