ШҚО-да жеделсаты жабдықтары өндірілуі мүмкін
"Ертіс" ӘКК" АҚ қытайлық инвестормен ШҚО-да лифт жабдықтарын шығару және сервистік қызмет көрсету өндірісін іске қосу мүмкіндігін талқылады

"Ертіс" ӘКК" АҚ баспасөз қызметі мәлімдегендей, инвесторға Серебрянск қаласындағы бұрынғы өндірістік нысан ұсынылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Келіссөздер барысында өндірісті орналастыру тетіктері мен ынтымақтастық шарттары пысықталды.
Егер жоба жүзеге асса, Серебрянскіде машина жасау саласында жаңа өндіріс пайда болады, яғни жаңа жұмыс орындарын ашылады. Сондай-ақ облыстың импортқа тәуелділігін азайтып, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтады.
"Ертіс" ӘКК" АҚ өңірлік даму институты ретінде инвесторларға өндірістік алаң ұсыну және жобаны кешенді сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде.