Өскемен
Қалың бұлтты
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Семей
    -6°
  • Алматы
    +5°
  • Риддер
    -1°
  • Астана
    -19°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Ақтау
    +5°
  • Атырау
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -20°
  • Қостанай
    -15°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -19°
  • Тараз
    +6°
  • Түркістан
    +9°
  • Орал
    -2°
  • Шымкент
    +11°
$
505.17
+4.15
599.54
+2.27
¥
72.76
+0.68
6.59
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік оқушыларды қашықтан оқыту форматына көшірудің жаңа регламенті бекітілді

Бұл өзгеріс қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен атмосфералық ауаның ластануына байланысты

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендік оқушыларды қашықтан оқыту форматына көшірудің жаңа регламенті бекітілді
Фото:
pexels

ШҚО білім басқармасы жаңа регламент оқушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, білім беру бағдарламаларын меңгерудегі үзілістерді барынша азайту үшін қажет, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Енді ауа райының қолайсыздығы немесе ауаның ластануы кезінде Өскемендегі мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшеді.

Қашықтан оқыту форматына көшіру критерийлері:

  1. НМУ I дәрежесі (орташа) — оқу штаттық режимде жүргізіледі.
  2. НМУ II дәрежесі (жоғарылаған) — шектеу шаралары енгізіледі. НМУ II дәрежесі 3 күн сақталған жағдайда, 4-күні оқу қашықтан форматқа ауысады.
  3. НМУ III дәрежесі (жоғары, қауіпті) — жағдайдың күрт нашарлауы. Бірінші күннен бастап қашықтан оқыту енгізіледі.

Өскемен қаласы білім бөлімі "Қазгидромет" филиалынан ресми ақпарат алған соң, қашықтан оқыту туралы бұйрық шығарады және оны барлық мүдделі органдарға жеткізеді. Директор ресми бұйрықтарды қадағалап, бұйрық түскеннен кейін оны ресми сайтқа және әлеуметтік желілерге жариялайды. Ал сынып жетекшілері ақпаратты WhatsApp/Telegram топтарында "оқыдым" функциясымен немесе сауалнамамен растап жеткізеді, - деп хабарлады ШҚО білім басқармасы.

Следующая →