Өскемен
Қалың бұлтты
-14°
  • Өскемен
    -14°
  • Семей
    -9°
  • Алматы
    +5°
  • Риддер
    -4°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Ақтау
    +1°
  • Атырау
    -1°
  • Қарағанды
    -1°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    +10°
  • Түркістан
    +10°
  • Орал
    -8°
  • Шымкент
    +10°
$
501.02
597.27
¥
72.08
6.59
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл 18-ге толмаған балалардың шотына 130 доллардан аударылды

2024 жылы әрбір балаға 100,52 АҚШ доллары, 2025 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелген болатын

Новости Казахстана / Биыл 18-ге толмаған балалардың шотына 130 доллардан аударылды
Фото:
ЖИ иллюстрациясы

Осылайша "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына үшінші жыл қатарынан қатысып отырған балаға есептелген қаражаттың жалпы сомасы - 370,56 доллар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Қаржы министрлігі ақпаратына сүйеніп.

"Ұлттық қор – балаларға" бастамасын іске асыру 2024 жылғы 1 қаңтардан басталды. Бағдарламаға 2006 жылдан бастап туған Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық балалары қатысады. 

Биыл бағдарламаға 2008-2025 жылдар аралығында туған 6 918 656 бала қатысқанын айта кетейік. Осыны ескере отырып, 2026 жылы бағдарламаның аясында әр қатысушыға 130,71 доллардан аударылды, - деп мәлімдеді ҚР Қаржы министрлігі. - Осы жылы 356 613 бала кәмелет жасқа толып, оларға жиынтық мөлшерінде 44,5 млн доллар аудару көзделген.

"Ұлттық қор – балаларға" жобасына сәйкес жиналатын ақша өмірдегі маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге пайдаланылады. Мәселен, қаражаттың негізгі бөлігі (19,7 млн доллар) 127 446 мақұлданған өтінім бойынша тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталды. Тағы да 11,9 млн доллар 78 060 өтінім бойынша балалардың білім алуға байланысты қажеттіліктеріне жұмсалды.

Ата-аналар өз баласының жүйеде бар-жоғы мен жинақ қаражатын бірнеше тәсілмен тексере алады:

  • Мамандандырылған kids.enpf.kz сайты (баланың ЖСН бойынша) арқылы;
  • eGov.kz порталындағы жеке кабинеті арқылы;
  • Halyk, Kaspi.kz және Bcc.kz мобильді қосымшалары арқылы.

Бала 18 жасқа толғанда жиналған сома БЖЗҚ-дағы арнайы шотқа аударылып, жинақтарды электронды цифрлы қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен тек алушының өзі ғана көре алады, - деп ескертеді министрлік. - Тұрғын үйге немесе оқудың ақысына қаражат жіберу үшін қаражат иесіне уәкілетті операторлар арқылы өтінім беру жеткілікті. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында әріптестік мақсатта жұмыс істейтін "Отбасы банк" пен Halyk Bank қатарына 2025 жылдың ортасынан бастап жаңа серіктес – "ЦентрКредит Банкі" қосылып, жастардың таңдау мүмкіндігі кеңейгенін айта кеткен орынды.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Ұлттық қор 2026 жыл 130 доллар аударылды