Өскеменде шайбалы хоккейден "Қысқы спорт-фест" турнирі басталды
Бүгін Б. Александров атындағы Спорт сарайында жастар арасында шайбалы хоккей турнирінің салтанатты ашылуы өтті

Жарыс 2008–2010 жылғы және 2012–2014 жылғылар арасында екі жас ерекшелігі бойынша өтіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жарысқа сегіз команда қатысуда:
- "Торнадо",
- "Локомотив",
- "Титан",
- "Устинка",
- "Ульбинка",
- "Кедр"
- "КШТ".
Мұз айдынына №№ 7, 9, 11, 12, 22, 23, 27, 29, 37 және 38 мектептердің оқушылары шықты.
Салтанатты шараны Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Ерлан Бұланбаев ашып, турнир демеушісі "AN group" компаниясының өкілдері қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұл турнир жастар мен хоккей жанкүйерлерінің басын қосатын айтулы спорттық мерекесіне айналмақ.