ясно
°
$
503.9
+1.63
603.32
+6.17
¥
72.54
+0.32
6.61
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұлан сапына кино актерлеріне киім тігетін дизайнер-модельер қосылды

Өскемен қаласындағы түзеу мекемесін күзететін Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімі таяуда екі жүзге жуық жас сарбазбен толықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық ұлан сапына кино актерлеріне киім тігетін дизайнер-модельер қосылды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Құқықтық  тәртіп әскеріне Алматы қаласынан шақыртылған мерзімді әскери қызметшілер  қатарында дизайнер-модельер Қайыржан Кеңес  те бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ол Алматы қаласындағы сән және қызмет көрсету саласы колледжін тәмамдаған соң, еңбек жолын киноактерлерге костюм  тігуден бастапты. Қатардағы жауынгер адамның кескін-келбетіне жарасымды киім сызбасын сызуға бала кезінен үйірсек болған. Сән саласына қадам басуына әжесінің әсері болғанын айтады. 

Бала кезімде әжемнің  тігін машинасының инесінен жіп өткізіп беретінмін. Әжем құрақ көрпе, туыс-туғанның көлігіне көрпешелер тігетін. Мен матаның бір шетін ұстап, қызықтап жүретінмін. Уақыт өте келе өзім де шағын құрақтар тіге бастадым. Осылайша сән әлеміне деген алғашқы тырнақалды туындыларымды жасадым, - дейді қатардағы жауынгер.

Қайыржан Кеңес  тек киім тігіп қоймай, өзі де модель болып сән үлгісін көрсетеді. Қайыржан мамандығына қанша берілсе де, әр азаматтың қасиетті борышы – Отан алдындағы міндетін өтеу деп есептейді. Сондықтан ол сән әлеміндегі армандарына қарамастан, алдымен әскери борышын өтеуді жөн көріп, Ұлттық ұлан сапына қосылған. Оның айтуынша, тәртіп пен төзімділік адамды кез келген салада биікке жетелейді.

Подиумда сән үлгісін көрсеткенде қанша  адамның  назарында боласың. Сол сәтте көпшіліктен қаймықпастан сенімді түрде алшаңдап басып, киімнің ерекшелігін халыққа әсерлі етіп жеткізуге тиіссің. Ал кеше ғана әскери ант қабылдаған мен енді сырт көзден именбей, қандай ауқымды ортада болсын қайсар да батыл болуды үйрендім. Сонымен қатар, әскери тәртіп маған  уақытты бағалауды және жауапкершілікті сезінуді үйретті . Әскери борышымды өтегеннен кейін подиумда модель болып қана қоймай, ең үздік дизайнер-модельер ретінде де елге танылсам деген мақсатым бар, – дейді қатардағы жауынгер.

Следующая →