Жақын күндері Өскеменде айналма жол ашылады
Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында айналмалы қозғалыс енгізіледі

Бұл жол айрығын салу жұмыстарының басталуына байланысты амал, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Айналма жолдың ішінде 15 тірек орнатылып, арқалықтар монтаждалып, одан әрі асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі, - деп мәлімдеді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Қиылыстан тікелей өтуге уақытша тыйым салынады, қозғалыс пен құрылыс жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік ағыны қайта бөлінеді.
Айналма жолдың нақты қай уақытта іске қосылатыны туралы ақпарат қосымша хабарланады.