ясно
°
$
503.9
+1.63
603.32
+6.17
¥
72.54
+0.32
6.61
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік сарбаздарға жауынгерлік қару табысталды

Алдағы уақытта мерзімді әскери қызметшілер Өскемен қаласындағы қоғамдық тәртіпті қадағалайтын болады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендік сарбаздарға жауынгерлік қару табысталды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Отан алдындағы борышын адал атқаруға ант берген жауынгерлер Абай, Жетісу, Павлодар облыстарынан және Алматы және Астана қаласынан әскерге шақыртылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінің 2-2025 жылғы шақырылым жас сарбаздарына қару табыстау рәсімі өтті. Әскери оркестр сүйемелдеуімен жауынгерлік ту ортаға шығарылып, арнайы іс-шарада жүз елуге жуық сарбаз қару алды. Айтулы шараға әскери бөлім офицері, әскери бөлім ардагерлері, сондай-ақ өзара бірлесіп іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері қатысты.

Енді сарбаздар өздеріне тапсырылған қаруға бір жыл бойы жауапты болады.

Күні кеше семсер сүйіп серт беріп, ант қабылдадық. Бұл күн мен үшін мерейлі және жауапты сәт. Өйткені қолымызға жауынгерлік қару алып тұрмыз. Өзімді құдды шайқасқа бес қаруы сай батырдай сезінемін. Енді мен Ұлттық ұлан қатарында азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз етіп, ел тыныштығын күзетуде жан аямай қызмет етуге дайынмын, - дейді 5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Талғат Әбдіқадіров.


Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Өскемен 5518 әскери бөлім Қару табыстау рәсімі