Шығысқазақстандық спортшылар Семейден олжалы оралды
Семей қаласында ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында панкратионнан ашық қала чемпионаты өтті

Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен
"Batyr kids" ШҚО балалар-жасөспірімдер спорт клубынан жарысқа барған 18 тәрбиеленушінің оны жеңіске жетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Чемпионат корытындысы бойынша "Batyr kids" клубының коржынында 4 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль бар. Жастарды Өскемен қаласы ТЖБ №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Берік Төлепбек дайындады.
1-орын:
- Алижан Советханов (46 кг дейін)
- Нурислам Сайлаухан (42 кг дейін)
- Сұңқар Серікұлы (47 кг дейін)
- Алихан Омарбек (59 кг дейін)
2-орын:
- Асылжан Каримов (50 кг дейін)
- Алдияр Бармақбаев (42 кг дейін)
3-орын:
- Альтаир Зайкен (42 кг дейін)
- Ерзен Сақабанов (59 кг дейін)
- Ислам Кенжехан (38 кг дейін)
- Жандаулет Кажетбек (84 кг дейін)