Өскеменнің бір бөлігі түнде жарықсыз, жылусыз қалды
Қаланың сол жағалауында апаттық жағдайда жарық өшіп, салдарынан жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысы да тоқтады

Барлығы 161 үй мен ғимарат түн ортасында жарықсыз, жылусыз қалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
26 қаңтарда сағат 03.20-да Өскемен қаласының сол жағалау бөлігінде электрмен жабдықтаудың авариялық өшуі орын алып, соның салдарынан жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысында уақытша ақау байқалды, - деп мәлімдеді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Төмендегі қазандықтардың жұмысы уақытша тоқтатылды:
- Жібек маталар комбинаты №2 қазандық;
- Ахмер кентінің №5 қазандығы;
- Меновное кентінің №6 және №7 қазандықтары.
Сорғы станцияларындағы жабдықтар уақытша ажыратылды:
- "Этносаябақ" ППНС;
- "Сатпаев" ПНС;
- Металлург кентіндегі №1, №2, №3 орталық жылу пункттері (ЦТП).
Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді, барлық қазандықтар іске қосылып, қалыпты режимде жұмыс істеуде. Қаланың сол жағалау бөлігіндегі жылу желілерінің гидравликалық режимін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, - делінген хабарламада. - Жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында.
Айта кету керек, 36 тұрғын үй, 40 ғимарат пен 85 жер үй жылусыз қалған.
Сағат 3.20-да қаланың сол жағалау бөлігіндегі сорғы станцияларында және 2, 5, 6, 7-қазандықтарда электр энергиясы толық өшірілді. Ажырату кезінде қаланың оң жағалау бөлігіндегі жылу желілерінде қысымның күрт жоғарылауы тіркелді. Соның салдарынан Новаторов, 2 мекенжайындағы тұрғын үй ауданында және Н. Назарбаев даңғылы, 6 мекенжайындағы тұрғын үй маңында жылу желілерінде ақаулар пайда болды. Қазіргі уақытта бригадалар пайда болған ақауларды оқшаулау және жою жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ магистральдық және кварталдық жылу желілерінде ықтимал ақауларды анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады "Шығыс жылу" АҚ.