ШҚО-ның су тасқыны кезеңіне дайындығы тексерілді
Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Кеген Тұрсынбаев Шығыс Қазақстан облысының су тасқыны қаупі бар учаскелерін әуеден бақылады

Вице-министр гидрологиялық жағдайды және биік таулы мореналық көлдердің, сел учаскелерінің жай-күйін анықтау үшін су айдындарына аэровизуалды мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сондай-ақ Алтай, Үлкен Нарын, Катонқарағай және Шемонаиха аудандарының су тасқыны қаупі бар учаскеделерін де барлады.
ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндады, ал аудан әкімдіктері алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.
ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, өңірде 28 инженерлік іс-шара орындалды, оның ішінде қорғаныс бөгеттерін жөндеу, су бұру арналарын тазарту және тереңдету, автомобиль жолдарында көпірлер салу және жөндеу. "ШҚО әкімінің Ахуалдық орталығы" ақпараттық жүйесінде су тасқыны жағдайын мониторингілеудің бірыңғай кешені жұмыс істейді, ақпараттық жүйесінде гидрологиялық мониторинг үшін ГАЖ-модулі және болжау құралдары енгізілген. Жүйе 49 гидропостар бойынша 7 күндік болжамын жасайды, қауіпті ерте анықтауға және алдын ала шара қабылдауға мүмкіндік береді.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар барлық қызметтердің уақтылы және үйлесімді жұмысын талап етеді. Басты міндет – халық пен инфрақұрылым үшін тәуекелдерді барынша азайту. Барлық қажетті инженерлік құрылыстардың ықтимал су тасқынына, ал шұғыл қызметтердің – жедел ден қоюға дайын болуы маңызды. Біз жағдайға мониторинг жүргізіп, жергілікті жерлерде іс-қимылды үйлестіреміз, - деп атап өтті вице-министр Кеген Тұрсынбаев.


