Осы аптада Өскеменде ауқымды бокс кеші өтеді
Белігілі боксшы Мұхит Амантаев, жеңілмеген Сапарбай Айдаров, сондай-ақ жерлестеріміз Ерзат Сақабанов пен Ерсұлтан Жараспек жарқын жекпе-жек өткізбек

Фото:
pexels
"STEPPE BOXING 1" бокс кеші алдында спортшылар бетпе-бет кездеседі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
23 қаңтар күні сағат 17.00-де Макси Молл сауда орталығында (Сәтпаев даңғылы, 51) face-to-face шарасы ұйымдастырылады.
Ал негізгі турнир 24 қаңтар күні сағат 17:00-де Жекпе-жек сарайында (Сәтпаев даңғылы, 82/1) өтеді.