Өскемен
облачно
-14°
  • Өскемен
    -14°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -17°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -3°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -17°
  • Көкшетау
    -24°
  • Қостанай
    -24°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -18°
  • Петропавловск
    -29°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -14°
  • Шымкент
    +2°
$
506.7
-0.35
593.14
-1.68
¥
72.76
-0.10
6.53
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады

Жаңа қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындарда дәрілік заттардың 356 атауын өндіру жоспарлануда

Новости Казахстана / Қазақстанда жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Фото:
pixabay

Жаңа кәсіпорындар Алматы қаласында (екі жоба), сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстарында орналасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.

Үкімет фармацевтикалық өндірістерді локализациялау бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен "АлтИНФАРМ" ЖШС, "МСП-РОМФАРМ" ЖШС, "Абди Ибрагим Глобал фарм" ЖШС және "Нобел Алматы фармацевтика фабрикасы" АҚ арасында инвестициялар туралы келісімдер жасасуды мақұлдады. Бекітілген жобаларға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 173 млрд теңге.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыларға қол қойды.

Жобаларды жүзеге асыру арқылы әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттарды қоса алғанда, 356 дәрі-дәрмек түрінің өндірісін локализациялау көзделген. Өндірістік желі онкологиялық аурулар мен қант диабетін емдеуге арналған дәрілерді, сондай-ақ иммунобиологиялық, вирусқа қарсы, антианемиялық, ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы, суық тиюге қарсы және микробтарға қарсы препараттарды қамтиды, - делінген ҚР Үкіметінің ақпаратында.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде барлығы шамамен 675 жаңа жұмыс орны ашылады.

Следующая →