Өскемен
облачно
-14°
  • Өскемен
    -14°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -17°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -3°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -17°
  • Көкшетау
    -24°
  • Қостанай
    -24°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -18°
  • Петропавловск
    -29°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -14°
  • Шымкент
    +2°
$
506.7
-0.35
593.14
-1.68
¥
72.76
-0.10
6.53
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО спортшылары қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды

ШҚО әкімі XXV қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылармен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО спортшылары қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Дүбірлі дода 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сапар алдында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов аймақтың үздік спортшылары - Қазақстан ұлттық құрамасының фристайл-могул бағытындағы өкілдерін қабылдап, сәттілік тіледі.

Атап айтқанда:

  • Анастасия Городко - халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері,  
  • Павел Колмаков - тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп жүрген тәжірибелі могулист,  
  • Аяулым Әмренова - болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшы,  
  • Юлия Галышева - еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және Әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы.

Сіздер үшін бұл - үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Ел намысын, Шығыс Қазақстан облысының абыройын төрт жылда бір өтетін басты спорттық додада қорғау - әр спортшыға бұйыра бермейтін мүмкіндік. Олимпиадаға бару - көпжылдық еңбектің, табандылық пен өз күштеріңізге деген сенімдеріңіздің жемісі. Ұлттық құраманың сапында өңіріміздің лайықты өкілдері бар екенін мақтан тұтамыз. Сіздер - баршамызға шабыт сыйлап, жастарға үлгі болып отырсыздар, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Сондай-ақ аймақ басшысы спортшыларды дайындауға үлес қосқан бапкерлерге, дәрігерлерге, мамандарға және осы жолда қолдау көрсеткен барша жандарға алғысын білдірді. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар алдағы уақытта да спортты дамытуға және жаңа чемпиондарды даярлауға тиісті жағдай жасауды жалғастырады.

Айта кеткен жөн, XXV қысқы Олимпиада ойындарына әлемнің 93 елінен 3500-ден астам спортшы қатысады. Жарыстар спорттың 16 түрі бойынша өтеді. Қазақстан спортшыларының Олимпиадаға қатысуы халықаралық лицензиялық іріктеуден сәтті өтуінің нәтижесінде мүмкін болды. Шығыс Қазақстан облысы елдегі қысқы спорттың жетекші орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Следующая →