Өскемен
облачно
-14°
  • Өскемен
    -14°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -17°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -3°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -17°
  • Көкшетау
    -24°
  • Қостанай
    -24°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -18°
  • Петропавловск
    -29°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -14°
  • Шымкент
    +2°
$
506.7
-0.35
593.14
-1.68
¥
72.76
-0.10
6.53
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімі "Торпедо" хоккейшілерін марапаттады

"Торпедо" хоккей командасы жақында Англияның Ноттингем қаласында өткен Континентальдық кубоктан күміс медальмен оралды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО әкімі "Торпедо" хоккейшілерін марапаттады
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Өңір басшысы ел атағын асқақтатқан жерлестерімізбен кездесіп, жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Айта кетейік, бұл клуб тарихындағы Континенталдық кубоктағы ең үздік нәтиже. Бұған дейін "Торпедо" хоккейшілерінің ең жоғары жетістігі 2007-2008 жылғы маусымда жеңіп алған қола жүлде болатын.

Бұл спортшыларды даярлаудың жоғары деңгейінің, жаттықтырушылар штабының кәсібилігінің, өңірде хоккейді дамыту мақсатында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі. Континентальдық кубоктың күміс медалі – маңызды спорттық жетістік қана емес, халықаралық аренадағы отандық хоккейдің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші. Өңіріміздің намысын абыроймен қорғап, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер. "Торпедо" біз үшін әркез чемпион! - деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Одан соң Нұрымбет Сақтағанов Алғыс хат табыстап, өскемендік хоккейшілер мен Петропавлдан келген "Құлагер" командасының ойыны алдында символикалық шайба тастау рәсімін өткізді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Торпедо ШҚО әкімі Марапаттау