Өскемен
облачно
-24°
  • Өскемен
    -24°
  • Алматы
    -10°
  • Астана
    -17°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -9°
  • Орал
    -16°
  • Қарағанды
    -19°
  • Көкшетау
    -17°
  • Қостанай
    -14°
  • Қызылорда
    -10°
  • Павлодар
    -21°
  • Петропавловск
    -21°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -12°
  • Шымкент
    -4°
$
509.63
-2.53
592.34
-2.38
¥
73.19
-0.30
6.54
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі толықты

Енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар саны 19-дан 31 атауға дейін көбейді

Усть-Каменогорск и ВКО / Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі толықты
Фото:
pexels

Тізімге нан, ұн, көкөністер, ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, қант және басқа да негізгі өнімдер енгізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі:

  1. Бірінші сортты бидай ұны
  2. Бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан (пішінді)
  3. Рожки
  4. Қарақұмық жармасы (дән)
  5. Тазартылған күріш (домалақ дәнді)
  6. Картоп
  7. Асханалық сәбіз
  8. Басты пияз
  9. Ақ қауданды қырыққабат
  10. Қызанақ ("шие", "жүзім" сорттарынан басқа)
  11. Қияр ("корнишондар" сортынан басқа)
  12. Алма
  13. Ақ қант – құмшекер
  14. Күнбағыс майы
  15. Сүйегі бар сиыр еті
  16. Сүйексіз сиыр еті
  17. Тартылған ет
  18. Қой еті, оның ішінде сүйексіз
  19. Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз
  20. Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан)
  21. Тауық еті (тауық жамбасы, сирағы, сан еті)
  22. Тауық (ұшасы)
  23. Майлылығы 2,2-6% пастерленген, ультра пастерленген, зарарсыздандырылған сүт дәмдік қоспалары жоқ (лактозасызды қоспағанда)
  24. Майлылығы 2-3 % айран (лактозасызды қоспағанда)
  25. Қаймақ (лактозасызды қоспағанда)
  26. Майлылығы 5-9% сүзбе (лактозасызды қоспағанда)
  27. Майлылығы 40-50% қатты, жарлытай қатты ірімшік
  28. Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
  29. Тауық жұмыртқасы (I санатты)
  30. Қара шай (дәмдік қоспалары жоқ, пакеттелмеген)
  31. Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа)

ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті кәсіпкерлерге жаңа талаптарды түсіндірді. Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс. Аталған талапты бұзғаны үшін 5-тен 300 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

Сауда саласындағы заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған:

  • баға көрсеткіштерінің болмауы;
  • сөре мен кассадағы бағаның сәйкес келмеуі;
  • бағаны шетел валютасында көрсету.

Тұрғындардан өтініштер түскен жағдайда бақылау шаралары жүргізіледі.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Әлеуметтік азық-түлік Тізім толықты