Өскемен
облачно
-24°
  • Өскемен
    -24°
  • Алматы
    -10°
  • Астана
    -17°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -9°
  • Орал
    -16°
  • Қарағанды
    -19°
  • Көкшетау
    -17°
  • Қостанай
    -14°
  • Қызылорда
    -10°
  • Павлодар
    -21°
  • Петропавловск
    -21°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -12°
  • Шымкент
    -4°
$
509.63
-2.53
592.34
-2.38
¥
73.19
-0.30
6.54
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

19 қаңтар - Қазақстан Республикасының әскери тәрбиешілер күні

Бұл - әскердегі тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысқа жауапты офицерлердің кәсіби мерекесі

Усть-Каменогорск и ВКО / 19 қаңтар - Қазақстан Республикасының әскери тәрбиешілер күні
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығында бұл бағыттағы қызмет қолбасшылықтың барлық әскери бөлімдерін қамтиды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

1993 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі командир орынбасарлары институты құрылды, бұл әскери басқару жүйесі мен жеке құрамды тәрбиелеудің ұлттық жүйесінің қалыптасуында маңызды белес болды.

Әскери тәрбиешілер күні — тәртіпті нығайтуға, құқықтық сананы қалыптастыруға және ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүрген тәрбие қызметі офицерлерінің еңбегін дәріптейтін күн.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы құрамындағы әскери бөлімдер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару мекемелерін күзету, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар мемлекеттік нысандарды қорғау міндеттерін орындайды. Аталған әскери бөлімдер Өскемен, Семей, Курчатов және Павлодар қалаларында орналасқан.

Әскери тәрбиешілер күні (2).jpg

Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс офицерлері әскери қызметшілермен тұрақты түрде әңгімелер, сабақтар мен кездесулер өткізеді, мәдени-демалыс және патриоттық іс-шаралар ұйымдастырады. Әскери ортадағы жарғыға қайшы қарым-қатынастардың, құқық бұзушылықтардың және өзге де теріс көріністердің алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында тәрбие құрылымы жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын сақтауға, әскери ұжымның бірлігін нығайтуға және өзара жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді, - деп атап өтті "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Арман Сеитов.

Оның сөзінше, тәрбие құрылымының үйлесімді әрі жүйелі жұмысы Ұлттық ұланға жүктелген міндеттердің сапалы орындалуына тікелей әсер етіп, қоғамдық тәртіпті тиімді қамтамасыз етуге, түзеу мекемелері мен стратегиялық маңызы бар мемлекеттік нысандарды сенімді қорғауға мүмкіндік береді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Әскери тәрбиешілер күні 19 қаңтар