Шығыс Қазақстанда аяздың беті қайтпай тұр
Синоптиктердің болжауынша, ертең де өңірде 40 градус аяз болады
Фото:
Устинка LIVE
ШҚО ТЖД азаматтарға сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазгидрометтің" ақпараты бойынша 20 қаңтарда түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с.
Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз сақталады.