Өскемен
облачно
-32°
  • Өскемен
    -32°
  • Алматы
    -9°
  • Астана
    -26°
  • Ақтөбе
    -18°
  • Актау
    -5°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -25°
  • Көкшетау
    -25°
  • Қостанай
    -25°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -32°
  • Петропавловск
    -29°
  • Тараз
    -10°
  • Туркестан
    -15°
  • Шымкент
    +1°
$
512.16
+1.21
594.72
+0.23
¥
73.49
+0.15
6.57
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыс Қазақстанда 40 градусқа дейін қатты аяз болады

15 қаңтарда облыстың солтүстігінде, шығысында түнде сынап бағанасы -40ºС дейін төмендейді

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыс Қазақстанда 40 градусқа дейін қатты аяз болады
Фото:
Устинка LIVE

Синоптиктердің болжауынша, сондай-ақ ертең күн тұманды болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

ШҚО тұрғындарына аязды күні алыс жолға шықпау ескертілді. Егер шұғыл жолға шығу қажет болса, автожолдардың жай-күйін нақтылап, көлікті жолға дайындап алу қажет, - деп ескертті ШҚО ТЖД. - Өзіңізбен бірге байланыс құралдарын, қуаттағыш құралдарды және оларға қосалқы батареяларды алыңыз. Азық-түлік, сіріңке және жылы киім, қол шамы, термосқа ыстық шай құйып алыңыз. Бакты бензинге толтырып, қосымша бензин құйылатын ыдыс алыңыз.

Қатты аязда қажеттілік болмаса, үйден шықпауға тырысыңыз, бірақ шыққан кезде жылы және қалың киініңіз. Автобус күтіп ұзақ тұрмаңыз.

Пешті жиі жағыңыз, бірақ ұзақтығы 1,5 сағаттан аспайтын болсын. Алайда шектен тыс қыздырмаңыз. Ұйқыға жатқанша 2 сағат бұрын пешті жағуды тоқтатыңыз, отын толығымен жаніп біткенше қақпақты жаппаңыз. Электр жылытқыштарынғанда өрт қауіпсіздігіне назар аударыңыз, - деп ескертеді құтқарушылар. - Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО 40 градус аяз 15 қаңтар