Өскемен
облачно
-32°
  • Өскемен
    -32°
  • Алматы
    -9°
  • Астана
    -26°
  • Ақтөбе
    -18°
  • Актау
    -5°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -25°
  • Көкшетау
    -25°
  • Қостанай
    -25°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -32°
  • Петропавловск
    -29°
  • Тараз
    -10°
  • Туркестан
    -15°
  • Шымкент
    +1°
$
512.16
+1.21
594.72
+0.23
¥
73.49
+0.15
6.57
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Құмар ойындарды жарнамалаған танымал блогер Қайсарға халықаралық іздеу жарияланды

Сот блогерді қамауда ұстау және криптоактивтеріне тыйым салу туралы шешім шығарды

Новости Казахстана / Құмар ойындарды жарнамалаған танымал блогер Қайсарға халықаралық іздеу жарияланды
Фото:
instagram.com/qais_arr

Қаржылық мониторинг агенттігі күдіктінің қайда жүргенін білетіндерден көмек сұрады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

1995 жылғы Қазақстан Республикасының азаматы Қамза Қайсар Бақытжанұлына халықаралық іздеу жариялады. Сотпен оған қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінуде, - деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігі. - Күдікті 5 жыл бойы "Instagram" әлеуметтік желісінде, "qais_arr" атауымен (2,4 млн жазылушы) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ "Telegram"-дағы "Қора энтертейнмэнт" жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған.

Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "Pinco" сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар, бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен.

Осылайша, Қайсар Қамза азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған.

Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған "Pinco" интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған. Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды, - делінген хабарламада.

Егер іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, Қаржылық мониторинг агенттігіне +7 7172 70 84 78 байланыс нөмірі арқылы хабарлау керек. Call-center: 1458.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Қайсар Қамза Халықаралық іздеу жарияланды ҚМА